Open School ашық білім беру ресурсы болып табылады. Оның айрықша ерекшелігі - ақпараттың ашықтығы мен ақысыздығында. Ресурста жарияланған оқу видеоларын көру тегін, тіпті сізге тіркелудің де қажеті жоқ.

Жобаның ең басты мақсаты – мұғалімдердің мәртебесін көтеру. Әрқайсымыз оқу үрдісінде бейнематериалдар қандай пайдалы болатының білеміз. Бүгінгі күні көптеген мектептер электронды тақталармен жабдықталған. Бірақ сапалы видео-контент жасау үшін көптеген қосымша мамандардың көмегіне жүгінеміз. Мәселен, видео-операторлар (егер контентте дәрісті мұғалімнің өзі жүргізетін болса), суретші-аниматорлар (егер контент анимация формасында болса), видео-монтаж және т.б. қабілеттері бар бағдарлама жасаушылар мен мамандар. Мұндай қызметтерді өз-өзін мамандандыратын компаниялар немесе баспалар атқара алады, бірақ, мектеп мұғалімі емес.

Біз оқу контенттерінің (оқушыларға арналған видео-сабақтар) оригинал технологиясын жасап шығардық. Бұл сайтта көрсетілетін оқу видеолары HandAnimation бағдарламасы арқылы жасалған, және оларды Downloads қосымшасынан жүктеуге болады. Бұл бағдарлама оқу видеоларын жасау барысын жеңілдету мақсатында құрылған. Жастардың түсінігіне бір табан жақын анимация жанрының қолданылуы технологияның ерекшелігі болып табылады. Технологияның тағы да бір ерекшелігі барлық анимацияның компьютерлік бағдарламалар арқылы жасалуында.

Ұсынылған технологияда математика, физика, химия сабақтарынан оқу видеосының қай түрі болсын, санаулы сағаттарда немесе күндерде жасалуы мүмкін. Соның арқасында уақытымыздың көп бөлігін сабақтың мазмұны мен әдістемесіне арнаймыз. Біз кез келген пән мұғалімі өзінің жеке видео-сабақтарын ешкімнің көмегінсіз жасап шығаруын мақсат еттік. Оған жалпы компьютер меңгеру қабілетінен басқа ерекше қабілетті болудың қажеті жоқ.

Мұғалім сайтта өзінің жеке парақшасын ашып алуына болады. Өз парақшасына жеке видео-сабақтарын жүктеп, оқушыларына үй жұмысын орындау барысында видео-сабақтарды көруге кеңес беруге, пікірлерді қарауға т.б. болады. Бұл сайт коммерциялық жоба емес. Ол мұғалімдер мен оқушыларға арналған.


Құрметпен,

"ILS edutainment" ЖШС шығармашылық ұжымы